Ақтөбе қаласы, Кірпішті ауылы, 368 мекенжайында орналасқан теннистен облыстық балалар-жасөспірімдер мектебі (теннис орталығы) ғимаратында өтетін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың дәстүрлі есеп беру кездесуіне тұрғындардың барып-келулеріне қолайлы болуы үшін 22 ақпан күні сағат 9.00-ден бастап қаланың төменде көрсетілген 5 жерінен тегін түрде және бағыттары арнайы белгіленген қосымша жолаушылар көлігі ұйымдастырылатындығын хабарлаймыз:
- Тұрғындар қалашығы ауданы, «Алақай» қуыршақ театрының алды;
- Облыс әкімдігі ғимаратының «Айна» сауда орталығы жағындағы алаңы;
- 12-шағын ауданда орналасқан Халық банкі ғимараты алаңы (Әбілқайыр хан даңғылы және М.Мәметова көшесі қиылысы);
- Теміржол вокзалы алдындағы алаң;
- Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының алды (Т.Ахтанов көшесі, 52).